СҚО ауылында ата-аналар өтінішімен жаңа мектеп салынды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы Бескөл ауылында 300 орынға шақталған жаңа мектеп пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жайында өңір басшысы Құмар Ақсақалов әлеуметтік желідегі өз парақшасында жазды.

Облыс орталығына тиіп тұрған Бескөл ауылында құрылыс қарқын алып, тұрғындар саны жылдан жылға артып келеді. Елді мекеннің оңтүстік-шығыс бөлігінде ғана қазір 3,5 мың адам тұрады.

«Мектеп болмағасын балалар аудан орталығындағы 3 білім ордасында оқып жүрді. Оған бару үшін республикалық жолды кесіп өту қажет. Бұл жерде балалардың қауіпсіздігі мәселесі тұрды. Бастауыш сыныптардың балалары автобуспен тасымалданды.⠀
Екі жыл бұрын есептік кездесуде ата-аналар осы мәселені көтерген еді. Бүгін міне, ол шешімін тапты. Жаңа әрі заманауи мектеп балаларға аяқ аттам жерде орналасқан», - деп жазды облыс әкімі.


Бұл – биыл салынған осымен үшінші мектеп. Жаңа оқу жылы қарсаңында Петропавлдағы Береке ықшамауданында тағы бір білім ордасы пайдалануға берілді. Үшіншісі облыс орталығындағы Уәлиханов көшесінде тұрғызылып жатыр.


Соңғы жаңалықтар