СҚО Астанадағы жәрмеңкеге 725 тонна өнім әкеледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 20-21 қазанда Астана қаласында Солтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығының жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елорда Инфоға сілтеме жасап.

 «Қазақстан» спорт кешенінің автотұрағында өтетін жәрмеңкеге Солтүстік Қазақстан облысының барлық аудандары мен Петропавл қаласынан 115 кәсіпорын қатысады. 100-ден астам өнім түрі саудаға шығарылады.

Екі күн өтетін жәрмеңкеге 725 тонна көлемінде азық-түлік тауары әкелінеді.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің ішінде  - сиыр, жылқы, қой, құс және шошқа еті, шұжық өнімдері, қалбырдағы ет бар. Сол сияқты кондитер, макарон бұйымдары, құрт, сүт өнімдері, қымыз, бал, ұн, картоп және көкөніс.

Жәрмеңке таңғы сағат 9:00-ден күндізгі 16:00-ге дейін жұмыс істейді. Әкелінген өнімдердің бағасы Астана базарларындағы бағадан 15-20%-ға арзан болады.

Жәрмеңкеге келушілерге өңірлік өнер ұжымдары концерт қояды.

Соңғы жаңалықтар