СҚО: Арнайы жасақ әуе-десанттық дайындықтан өтіп жатыр

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің жылдам қимылдайтын арнайы жасағы әуе-десанттық дайындығынан өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық департамент баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, көптеген тәртіп сақшылары алғаш рет парашютпен секірген.

«Ауа райы әуеде жаттығу жасау үшін қолайсыз болды, күні бойы бірнеше рет жаңбыр жауды. Бірақ арнайы жасақ үшін бұл ешқандай қиындық тудырмады», - дейді баспасөз қызметінің өкілдері.

Тәртіп сақшылары 800 метр биіктіктен секірді. Оларға дайындық курсын қарағандылық тәжірибелі инструктор Виктор Буряченко өткізді.

Арнайы жасақ командирі Ерік Құлжановтың айтуынша, әуедегі десанттық дайындық арнайы жасақтың әскери және қызметтік дайындығының құрамдас бөлігі болып табылады. «Кез келген сәтте офицер жан-жақты дайын болуы, тапсырмаға бірден кірісуі тиіс. Бұл жолы 8 полицей дайындықтан өтті, соның екеуі бұрын парашютпен секірген», - дейді Е. Құлжанов.

 

Соңғы жаңалықтар