СҚО әкімінің орынбасары пара алған әріптесі үшін жұмыстан кетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тікелей бағыныштылардың сыбайлас жемқорлығы үшін отставкаға кету туралы норманың енуіне байланысты 6 саяси қызметкер тиісті өтініш жазып, түрлі деңгейдегі 28 басшы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы ҚазАқпарат Antikor сілтеме жасап хабароайды.

Бағыныштылардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін басшылардың отставкаға кетуі мен тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы заңнамалық норманың орындалуына мониторинг жүргізу жалғасуда.

«2 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Федяев пен осы облыстың Ақжар ауданының әкімі Мадьяров жұмыстан босатылды», - дейді Агенттіктің баспасөз қызметі.

Федяев сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасының басшысы Калабаевқа қатысты сот үкімнің 25 шілдеде заңды күшіне енуіне байланысты отставкаға кету туралы өтініш жазды.

«Мадьяров оның орынбасары Досымбеков кінәлі деп танылғаннан кейін отставкаға кетті», - деп толықтырды агенттік.


Соңғы жаңалықтар