+7 (701) 759 90 19
USD 388.81 EUR 429.01
RUB 6.08 CNY 55.49
Jańalyqtar

СҚО әкімі жолдарды жөндеуге берілетін кепілдікті 5 жылға дейін ұзартуды ұсынды

2019 жылғы 9 қараша 14:40
Бөлісіңіз:
СҚО әкімі жолдарды жөндеуге берілетін кепілдікті 5 жылға дейін ұзартуды ұсынды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов айтуынша, мердігерлер жол жөндеу сапасына кем дегенде 5 жылға кепілдік беруі тиіс, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбелік белсенділер қала маңындағы ауылдарға жол салуды сұрады Түркістан облысында автожолдарды қысқа дайындау жұмысы пысықталды Таразда бұған дейін жөндеу көрмеген 85 көшеге асфальт төселуде

Аймақ басшысының баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, кейбір жолдар бойынша жұмыстар әлі аяқталған жоқ. Қ. Ақсақалов мұндай фактілер барынша азайтылуы қажет екенін атап өтті.

«1 жыл кепілдік не болады? Мердігерлер өз жұмысына кем дегенде 5 жылға кепілдік беруі тиіс. Сонда ғана олар оны сапалы орындауға мүдделі болады. Бұл аула ішіндегі аумақтарды жөндеуге де қатысты», - деп есептейді облыс әкімі.

Үш жыл ішінде өңірде 2 мың км жол жөнделді. Жұмысқа 76 млрд теңге жұмсалды. 2020 жылы жолдарды жөндеу жұмысы жалғасады. Облыс әкімі аудан орталықтарына жақсы жолдардың қажет екенін атап өтті.


«Келесі жылы біз осы бағыттағы жолдарды жөндеуді бастаймыз. Бұл Чкалово, Рузаевка, Возвышенка, Благовещенка және басқа да бұрынғы аудан орталықтарына қатысты. Жөндеу жұмыстары кейбір ауылдарда да болады. Аудан әкімдері нақты жоспарлар ұсынуы тиіс. Соған сәйкес біз қаражат бөлеміз», - деді Қ.Ақсақалов.

Еске сала кетейік, осыған дейін аймақ басшысы келесі жылы аудан орталықтарының ішінде жөндеу жұмыстары басталатынын айтқан болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT