+7 (701) 759 90 19
USD 375.87 EUR 406.24
RUB 5.84 CNY 53.45
Jańalyqtar

СҚО әкімі Жаңа жыл мерекесі қарсаңында азық-түлік бағасын бақылауды тапсырды

2019 жылғы 18 желтоқсан 16:48
Бөлісіңіз:
СҚО әкімі Жаңа жыл мерекесі қарсаңында азық-түлік бағасын бақылауды тапсырды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов жекелеген емес, барлық дүкендерде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын бақылау керек деген ойда, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Ұқсас жаңалықтар
«Кентау» индустриалды аймағында 7 жоба іске қосылады Бақыт Сұлтанов Қазақстандағы Корея елшісімен екі елдің сауда-саттық мәселесін талқылады Бәйтерек холдингі штат санын қысқартады

Бұл туралы аймақ басшысы әкімдіктің отырысында хабарлады және ол Жаңа жыл қарсаңында азық-түлік бағаларын тұрақты бақылауда ұстау керек екенін атап өтті.

«Біз бағаның негізсіз көтерілуіне жол бермеуіміз керек. Күнделікті тұтынатын азық-түліктердің басым көпшілігін өзіміз өңдеп, өндіреміз. Бізде барлығы бар. Аудан әкімдіктері бергенді (азық-түлік бағаларын – авт.) қайта тексеріп шығу керек. Кейбір бағалар талапқа сәйкес келмейді. Сондықтан мен барып, қарап шығуға тапсырма бердім. Барлығына бақылау жасау қажет. Жаңа жыл қарсаңында азық-түлік бағаларын бақылауда ұстау керек», - деп атап өтті Қ. Ақсақалов.

Кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Құралай Жарованың айтуынша, әлеуметтік маңызы бар 19 азық-түлік тауарының бағасы республиканың орташа есебімен алғанда, тек тұз бен күріштің ғана бағалары жоғары. 1-2 теңгеге өзгеріс бар. Қырыққабат аймағымызда қымбат. Оның бағасы шекті мәннен 22%-ға артқан. Оны бөлшек саудада келісін 95 теңгеден сатуда.

«Бағаны тұрақтандыру жалғасуда, қырыққабаттың бір келісі – 85 теңге болды. Тұрақтандыру қорынан сәбізді 80 теңгеден және жуаны 70 теңгеден беріп жатырмыз. Қарақұмық жармасы, күнбағыс майы, ұн және макарон өнімдерін сатуды жалғастырамыз. Өндірушілермен және ірі көтерме компаниялармен жеткізу шарттарын жасасу арқылы ұсақ делдалдарды алып тастау бойынша жұмыс жүргізілуде. Осындай жұмыстарды аудандарда да жүргіземіз», - деді Қ. Жарова.

Облыстың тұрақтандыру қорында 2660 тонна 1-сұрыпты ұн, 136 тонна макарон өнімдері, 14 мың литр күнбағыс майы, 9 тонна қарақұмық жармасы, 57 тонна күріш, 315 тонна қант, 435 тонна картоп, 148 тонна сәбіз, 190 тонна пияз, 108 тонна қырыққабат бар. 52 мың литр күнбағыс майы алынды.

Олеся Жуковень

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT