СҚО әкімі жаңа автокөліктер сатып алуға тыйым салды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов қол астындағыларға қызметтік көліктерін жаңартуға тыйым салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жайында Құмар Ақсақалов СҚО әкімдігінің отырысында айтты.

Бұған дейін Петропавл қаласы әкімдігінің 23 млн теңгеге екі жеңіл автокөлік сатып алуға жариялаған лоты қоғамның қызу талқысына түскен болатын.

«Қаржы басқармасы мен аудан әкімдеріне қызметтік автокөліктерді сатып алуды тоқтатуды тапсырамын. Өткен жолы, Петропавл әкімдігінің жаңа автокөліктерді сатып алып жатқандығын анықтадық. Оның барлығын тоқтату қажет. Бізде ауыз су, жол, білім және денсаулық сақтау сияқты маңызды мәселелер бар. Барлық қаражатты осыған бағыттау керек. Ал жаңа көлікті кейін аласыздар. Әзірше ескі машинамен де жүруге болады», - деді Құмар Ақсақалов.

Соңғы жаңалықтар