СҚО әкімі үш көпбалалы анаға «Күміс алқа» белгісін табыстады (ФОТО)

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Халықаралық әйелдер күнінің қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов нәзік жандылар қауымын көктемгі мерекемен құттықтады.

«Әйелдердің даналығы, мейірімділігі мен мархабаты бізге ұдайы кез келген қиындықтардан өтуге көмектесіп, қоғамда жоғары адамгершілік идеалдардың нығаюына септігін тигізді. Бүгінде әйелдерге мансаптың барлық шыңдарына жол ашық, сіздер барлық салаларда табысқа қол жеткізудесіздер. Құрметті әйелдер, сіздерді бұл тамаша көктем мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Көздеріңіз қуаныш пен бақыттан жайнап жүрсін. Көңіл-күйлеріңіз жақсы болсын, бейбітшілік, амандық, мейірімділік орнасын!», - деп атап өтті құттықтау сөзінде Ерік Сұлтанов.

Салтанатты жиында түрлі салаларда қызмет етіп жүрген әйелдердің еңбегі атап өтілді. 30-дан астам нәзік жандылар Алғыс хаттар мен Құрмет грамоталарын алды.

Сондай-ақ бұл кеште көпбалалы үш анаға «Күміс алқа» наградалары табысталды.

Соңғы жаңалықтар