СҚО әкімі ҰОС ардагерін Астана күнімен құттықтады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Мемлекеттік мереке - ҚР Астана күнінің қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов Ұлы Отан соғысының ардагері Валентина Устименконың үйіне барды. Бұл туралы аймақ басшысының баспасөз қызметінен хабарлайды.

Жасының ұлғайғанына қарамастан, Валентина Петровнаны облыста болып жатқан оқиғалар, әсіресе зауыттың жұмысы қызықтырады. Ерік Сұлтанов Валентина Петропавнаға облыста жаңа зауыттарды қалпына келтіру және ашу бойынша үлкен жұмыс өткізіліп отырғанын айтып берді.

«Кеше біздің еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен телекөпір өтіп, соның барысында біз «Қазтехмаш» зауытымызда жиналған бірінші комбайнды көрсетіп өттік. Бүгінде облыста тағы екі зауыт ашылуда», - деді Ерік Хамзаұлы.

Аймақ басшысы Валентина Петровнаны келе жатқан мерекемен құттықтап, оған мықты денсаулық пен ұзақ өмір тіледі, қандай да бір мәселелерді шешуде көмек қажет пе деп сұрады. «Менде бәрі жақсы. Денсаулығым сыр береді, бірақ оған жасым кінәлі. Биылғы жылы 90-ға толамын ғой», - деп жауап берді Валентина Петровна, облыс әкіміне ардагерлерге көңіл бөлгені үшін алғысын айтып.

Кіші лейтенант Валентина Устименко Ұлы Отан соғысы жылдарында 597-ші атқыштар полкінде, 207-ші атқыштар дивизиясында фельдшер болып қызмет атқарған. Ардагер Ұлы Отан соғысының ІІ-ші дәрежелі орденімен, «Германияны жеңгені үшін» медалімен және мерейтойлық медальдармен марапатталған. Демобилизациядан кейін Валентина Петровна облыстық ауруханада, ал 1972 жылдан бері 1-ші емханада фельдшер болып жұмыс істеді.

Соңғы жаңалықтар