СҚО әкімі түркістандық тілшілермен кездесті

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Солтүстік өңірге қоныс аударған түркістандықтардың жаңа өмірімен танысу мақсатында теріскейге келген түркістандық журналистер СҚО әкімінің орынбасары Асқар Сақыпкереевпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Солтүстікке көшіп келгендердің тұрмыс-тіршілігіне тоқталған облыс әкімінің орынбасарының айтуынша, жеке кәсіппен айналысамын деген азаматтарға қажетті жағдай жасалып, жер учаскелері бөлінеді, жабдықтарды алуға гранттар беріледі, мал басы мен құс алуға 200 айлық есептік көрсеткіш көлеміне дейін субсидиялар қарастырылған. Сонымен қатар мемлекеттік бағдарлама аясында несиелер ұсынылады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Түркістан облысының бір топ журналисі «Түркістан – Қызылжар – Қостанай – Көкшетау» ақпараттық туры аясында солтүстік өңірге сапар шекті. Турдың басты мақсаты – күнгейден солтүстікке көшіп барған отбасылардың тұрмыс-тіршілігімен танысу.

Соңғы жаңалықтар