СҚО әкімі тұрғындарды сапасыз жөнделген жолдар туралы хабарлауға шақырды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов тұрғындарды жолдардың сапалы жасалуын бірге қадағалап, қоғамдық бақылауға атсалысуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО әкімі Құмар Ақсақалов пен «Жол активтері сапасының ұлттық орталығының» басшысы Замир Сағынов жол материалдарының сапасын тексеретін зертханаға барды.


Биыл облыстағы жолдарды жөндеуге қомақты сома - 37 млрд теңге бөлінді. Тиісінше, атқарылып жатқан жұмыстарға қатаң бақылау қажет. Зертханалық бақылау жүйелі түрде жүргізілмек. Бұрын бұл жұмыспен республикалық жолдар ғана қамтылса, биыл облыстық трассалардың сапасы да тексерілетін болады.

Сондай-ақ облыс әкімі тұрғындарға үндеу тастады.


«Техникалық мүмкіндіктермен қоса, қоғамдық бақылауды күшейту керек. Қазір көбінде гаджеттер бар. Жолдың сапасыз салынып жатқанын көрсеңіз фотоға түсіріп, қай жер екенін айту керек. Жақында ғана салынып, бұзыла бастаған жолды көрсетіңіздер. Барлық материалдарды СҚО әкімдігінің сайтындағы «Халықтық бақылау» бөліміне жолдау қажет. «Қызылжар – адалдық алаңын» да қолдануға болады. Біз тиісті шаралар қолданамыз», - деді Құмар Ақсақалов.

Соңғы жаңалықтар