СҚО әкімі су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлеу туралы айтты

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының басшысы Құмар Ақсақалов дүйсенбіден бері төтенше жағдай жарияланған Ғабит Мүсірепов ауданына келді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Рузаевка ауалында облыс әкімі су тасқынынан зардап шеккен жергілікті тұрғындармен кездесті.

«Ешкім де өзінің проблемасымен жалғыз қалмайды. Комиссия жұмыс істеп жатыр, оның өкілдері ауылдағы әрбір үйді аралап көрді. Бүгін біз келтірілген шығында есептеуіміз керек. Өтемақы төлеу мәселесі шешіледі. Қазір қоғамдық ұйымдардың барлығының есебіне қаржы түсе бастады, жан-жақтан көмек келе жатыр. Қысқа мерзімде барлығына көмектесеміз және өтемақы төлейміз»,-деп сендірді Құмар Ақсақалов.

«Нұр Отан» партиясының хатшысы Фархан Қуанғанов жағдайды нақты бағалау үшін Астанадан арнайы келді.

«Біз жағдайды бақылауда ұстап отырамыз, барлық мәселелер ескерілетін болады. Сіздер үшін облыс пен аудандардың басшылығы, бүкіл Қазақстанның өңірлері жанын шүберекке түйіп отыр»,-деді Фархад Қуанғанов.

Облыс әкімі де өтемақы төлеу мәселесі туралы айтты.

«Біз сіздерге қажетті тұратын жер дайындаймыз және алдағы бір жарым ай ішінде қаржы мәселесін шешіп береміз. Бұл ретте біршама процедуралардың бар екендігін айта кеткен жөн бар. Шығынды нақты есептеуіміз керек. Қаржыны бөліп-бөліп емес, бірден аударамыз. Үйінен айырылып қалған тұрғындарға баспананың құны төленеді, арнайы комиссия жұмыс істейді, солар бағасын береді»,-деді Құмар Ақсақалов.

Рузаев тұрғындары табиғаттың дүлей күшімен және осы уақытта оның салдарымен күресте қолдау көрсеткендердің барлығына алғыстарын білдірді. Тұрғындарға су тасқыны енді болмайтындығын, үйі аман қалғандың баспаналарына оралып, малдарын мен дүние-мүліктерін жеткізе берулеріне болатындығы айтылды.

«Біз бағалау жұмыстары жүргізіліп біткен соң мұнда тағы келеміз. Бас қосып, қайта кеңесеміз. Шешілмейтін мәселе жоқ, ең бастысы үрейленбеу керек. Бәрі де дұрыс болады»,-деді Құмар Ақсақалов.

Соңғы жаңалықтар