СҚО әкімі: Су тасқынымен күресте көршілес өңірлермен байланысты нығайту керек

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақтан облысының әкімі Құмар Ақсақалов көршілес облыстардың төтенше жағдай қызметтерімен үйлесе жұмыс істеуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО әкімдігінің отырысында көктемгі тасқыны мәселесі талқыланды.

СҚО әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі таңда өңірде жағдай тұрақты, тұрғын үйлерді су басу деректері тіркелген жоқ.

Сілеті су қоймасынан жіберілген су Уәлиханов ауданында су деңгейінің тез көтерілуіне ыұпал етіп, екі ауылға қатер төндірген болатын. Қазір Қулыкөл және Қаратал ауылдарының маңында су деңгейінің төмендегені байқалады. Қос ауылдың тұрғындары өз үйлеріне оралды. Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың айтуынша, бұл жағдай бірқатар кемшіліктердің бетін ашты.

«Уәлиханов ауданындағы жағдай өңір қызметтерінің Ақмола облысындағы әріптестерімен байланысы нашар екендігін көрсетті. Болған оқиға жөнінде дер кезінде хабар бермеу, Ақмола облысының Төтенше жағдай департаментімен әрекеттестіктің әлсіздігі төтенше жағдайдың орын алуына түрткі бола жаздады. СҚО әкімінің орынбасары Антон Федяевке аталған фактілер бойынша мән-жайды анықтап, тиісті қорытынды шығаруды тапсырамын», - деді Құмар Ақсақалов.

Бүгінгі таңда Сергеев су қоймасына судың келуі және тиісінше Есіл өзенінің арнасынан шығуы ықтимал.

«Барлық қызметтер су тасқыны бола қалған жағдайда тиісінше әрекет етуге дайын болуы керек», - деді өңір басшысы.

Есілдің бойындағы елді-мекендерді қорғап, саяжайларды тексеріп шығу керек.

Соңғы жаңалықтар