СҚО әкімі орман өрттерінің алдын алуды тапсырды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің отырысында орман өрттерін болдырмауға бағытталған іс-шаралардың жүзеге асуы талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жыл басынан бері облыста 20 орман өрті тіркелген. Өрттің тарауына минералды жолақтардың сәйкес келмеуі немесе оның жоқтығы да әсер етеді. Бұл бағытта жұмыстардың уақтылы жүргізілмеуі алаңдаушылық туғызады.

«Тиісті жұмыстарды атқармаған басшылар туралы маған ақпарат беріңіз. Оларды жазалаймыз. Аудан әкімдерімен қажетті іс-шараларды атқарыңыздар. Кейін маған баяндаңыз», - деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов өңірлік ТЖД басшысы Рамиль Камаловқа берген тапсырмасында.

Соңғы жаңалықтар