СҚО әкімі: Мұғалімдерден ақша жинаған басшылар жұмыстан қуылады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының әкімі қарамағындағы мұғалімдерден мектептің жөндеу жұмыстарына ақша жинаған мектеп басшыларын жазаға тартпақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО әкімі Құмар Ақсақалов бүгін қала мектептерін аралап, оларда жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарын қадағалады.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, өңір басшысы мектептерді аралау кезінде мұғалімдер мен ата-аналардан заңсыз ақша жинаған басшыларды қатаң жаза күтетінін ескерткен.

«Бізге мұғалімдерден сыныпты жөндеуге ақша жинап жатыр деген ақпарат түсуде. Бұл бассыздық. Біз бюджеттен қажетті қаражат бөлдік. Ол ақша жеткілікті. Мұғалімдер мен ата-аналардан бірде-бір тиын жиналмасын. Егер осындай фактілер тіркелсе, басшыларды жазалаймыз, тіпті орнын босатады. Мектеп директорлары мен аудандық білім басшыларына айтып жатырмын. Білім басқармасы облыс бойынша бақыласын. Егер фактілер болса, маған Фейсбук пен Инстаграмға жазыңыздар, тексереміз», - деді Құмар Ақсақалов.

Айта кетейік, биыл облыста 120 мектепті күрделі жөндеуден өткізуге 5 млрд теңге бөлінді. Былтырғы жылдармен салыстырғанда қаражат 12 есе өсті.

Соңғы жаңалықтар