СҚО әкімі Құмар Ақсақалов Facebook желісіне тіркелді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - СҚО әкімі Құмар Ақсақалов Facebook желісіне тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Құмар Ақсақалов Facebook әлеуметтік желісінде жеке парақшасын ашты. Алғашқы жазбасында облыс әкімі аталмыш әлеуметтік желінің атқарушы билік пен халық арасындағы байланыс көпірі екенін баса айтты. Өңір басшысының айтуынша, ол жеке парақшасын пікірталастар алаңына айналдырмақ. null

«Жеке парақшамда Солтүстік Қазақстан облысының өміріндегі тың жаңалықтармен, өңіріміздің дамуына қатысты өз ойларыммен бөлісіп отыратын боламын. Аймақтың дамуы мен тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға қатысты ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңіз болса жаза отырыңыздар. Менің парақшам ашық диалог алаңына айналуы тиіс», - деп жазған Құмар Ақсақалов Фейсбуктегі бірінші жазбасында.

Соңғы жаңалықтар