СҚО әкімі кәсіпкерлерді ақшасыз төлемдер жүйесін енгізуге шақырды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың бизнес-қауымдастық өкілдерімен бейресми кездесуінде кәсіпкерлік саласындағы маңызды мәселелер қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңір басшысы баспасөз қызметінің хабарлауынша, кәсіпкерлердің 40% саудамен, 20% ауыл шаруашылығымен айналысады. Тек 4% ғана өзін өндірісте тапқан. Қазіргі міндет - халық тұтынатын тауарлар мен азық-түлік түрлерін барынша өңірде өндіру. Бұл мақсатта мемлекет тарапынан көптеген жеңілдетілген несие берілуде. Алайда, облыста бизнесмендердің белсенділігі төмен.null

«Қазақстанда жеңілдетілген несие бағдарламасына 600 млрд теңге бөлінді. Облыста бар болғаны 500 млн теңгенің 4 жобасы ғана мақұлданды. Бұл тым аз. Шарттары көңілге қонымды. Пайыздық мөлшерлеме 8-ден 6% дейін түсті. Басымдық берілетін салалардың тізімі 108-ге дейін артты. Кәсіпкерлерді осы мүмкіндікті пайдалануға шақырамын», - деді Құмар Ақсақалов.null

Облыс әкімі «көлеңкелі экономикамен күрес те басым бағыттардың бірі» дейді. Ақшалай төлемдердің қысқаруы көлеңкелі бизнес пен жемқорлықтың азаюына тікелей әсер етеді.

«Бізде 5,6 мың сауда орны бар, онда бар болғаны 1,5 мыңында ғана пост-терминал бар. Өңірде ай сайын картаға 27 млрд теңге ақша түссе, оның 22 млрд теңгесі ақшалай түрде алынады. Тек 16 пайызы ғана ақшасыз төлемдерді құрап отыр. Осы айырмашылықты қысқарту үшін барлық жерде ақшасыз төлем жүйесін енгізу керек», - деді өңір басшысы.

Екі жарым сағатқа созылған кездесу барысында Құмар Ақсақалов кәсіпкерлердің қойған сұрақтарына жауап берді, ұсыныстарын тыңдады. Сондай-ақ бизнес-қауымдастық өкілдерін белсенді болып, облыстың дамуына бағытталған жобаларды жүзеге асыруға шақырды. Сәйкесінше жергілікті билік тарапынан кәсіпкерлерге барынша қолдау көрсетілмек. null

Соңғы жаңалықтар