+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

СҚО әкімі баспанасы өртенген ауыл тұрғындарына көмек көрсетілетінін айтты

2021 жылғы 3 мамыр 16:11
Бөлісіңіз:
СҚО әкімі баспанасы өртенген ауыл тұрғындарына көмек көрсетілетінін айтты

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов Желяково елді мекенінде шыққан өртке қатысты пікір білдіріп, баспанасыз қалғандарға көмек көрсетілетінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Нұрлан Айманов: Вакцинация паспортын сатып алғандар – реанимацияға билет алғандар Алакөл жағалауында жаз басталғалы бері 1200-ден астам құқық бұзушылық тіркелді Калифорнияда өрт өршіп барады: мыңдаған адам үйлерін тастауға мәжбүр болды

СҚО әкімі Құмар Ақсақалов әлеуметтік желідегі өз парақшасында зардап шеккендер көмексіз қалмайтынын жазды.

«Кеше Қызылжар ауданы, Желяково ауылында қураған шөп жанып, 3 тұрғын үй және бос тұрған 3 үй өртеніп кетті. Қатты жел жұмысты қиындатқанымен, өрт сөндірушілер оттың таралуына жол бермеді. Ауылда 51 үй бар. Өрттің себебі анықталып жатыр. Зардап шеккендер туыстарына уақытша орналастырылды, оларға қажетті көмек көрсетіледі», - деді Құмар Ақсақалов.

Қазір Қызылжар ауданының волонтерлері әлеуметтік желіде Желяково елді мекенінде баспанасыз қалған тұрғындарға жылу жинап жатыр. Негізінен ересек адамдарға арналған киім-кешек, тұрмыстық заттар, төсек-орын, ыдыс-аяқ қажет.

Естеріңізге салайық, кеше СҚО Қызылжар ауданындағы Желяково ауылында түс кезінде өрт шығып, 6 үй және бір қора-қопсы жанып кетті. Қатты дауылдың салдарынан өрт сөндірушілер жалынмен 7 сағат бойы күресті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT