СҚО әкімі Айдарбек Сапаровқа облыс дамуына елеулі үлес қосқаны үшін алғыс білдірді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін 7 жыл бойы атқарған Айдарбек Сапаровты әріптестері жаңа лауазымға тағайындалуымен құттықтап, оның жұмысына жоғары баға берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық әкімдікте Солтүстік Қазақстан облысы активінің отырысы өтті. Отырыста СҚО әкімі Құмар Ақсақалов Айдарбек Сапаровты ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалуымен құттықтады.

Өңір басшысының айтуынша, бұл - Айдарбек Сейпілұлының жұмысына берілген жоғары баға.

«Соңғы жылдары Солтүстік Қазақстан облысы жақсы нәтижелер көрсетіп келеді. Агросекторға тартылған инвестициялардың 25 пайызы біздің өңірдің үлесінде. Ауыл шаруашылығын әртараптандыру жұмысы сәтті жүзеге асуда. Бұл жетістіктерде Айдарбек Сейпілұлының еңбегі аз емес. Үкіметте де осындай жетістіктерге қол жеткізеді деген сенімдемін», - деді Құмар Ақсақалов.null

Айдарбек Сапаров еңбек жолын 1985 жылы кеңшардың бухгалтерінен бастап, ауыл шаруашылығы саласында барлық сатыдан өтіп, облыс әкімінің бірінші орынбасары міндетін де абыроймен атқарды. Айдарбек Сейпілұлы мемлекеттік және халықаралық марапаттар иесі, «Құрмет» орденінің иегері.

Ақерке Дәуренбекқызы

Соңғы жаңалықтар