Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 377.11 EUR 424.21
RUB 5.91 CNY 56.19
Jańalyqtar

СҚО әкімі ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеуді арттыруды тапсырды

2019 жылғы 17 сәуір 10:10 349
Бөлісіңіз:
СҚО әкімі ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеуді арттыруды тапсырды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат  - Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов ауыл шаруашылығы саласын әрі қарай дамыту бойынша тапсырма берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын ұлғайту керек - Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласында ауыл шаруашылығы мәселелері талқыланды

Әкімдіктің отырысында үш айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуды қорытындылады.

Ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім 3% артып, 24,4 млрд теңгеге жеткен. Облыс әкімінің орынбасары Асқар Сақыпкереевтің айтуынша, өсім мал шаруашылығының арқасында артып отыр. Өңірде ет, сүт және жұмыртқаны көп өндіре бастаған. Ірі қара мал басы, шошқа, құс саны өскен.

Қ.Ақсақалов 2019 жылға арналған жоспарларды да еске түсірді. Облыс әкімі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеуді ұлғайтуға баса назар аударды.

«Біз жаңа заманауи фермалар құру есебінен сүт көлемін 570 мың тоннаға дейін өсіруіміз керек. Биыл облыстың алты ауданында фермалар іске қосылуы тиіс. Екі заманауи мал жемдейтін алаңның арқасында өндіріс көлемін 58 мың тоннаға дейін арттыруымыз қажет. Биыл етті қайта өңдеуді  45%-ға дейін жеткізуге тиіспіз. Біз шошқа шаруашылығы, ет және сүт өндіру бойынша мал шаруашылығы кіретін үш генетикалық орталық құрамыз», - деді Қ.Ақсақалов.

Өңір басшысы әр ауданда экологиялық таза өнім өндірумен айналысуды тапсырды.

«Біз астықтарды қайта өңдеу бойынша да жұмыс істеуіміз керек. Қуаттылығ 300 мың тоннаны құрайтын «KAZMEAL» ЖШС зауыты мен Биохимнің екінші кезеңі іске қосылуда. Жылына қосымша 600 мың тоннаны қайта өңдеуіміз керек. Бұл бізге астықты қайта өңдеу көлемін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді», - деп атап өтті облыс әкімі.

 Автор:

Олеся Жуковень

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
MURAǴAT