+7 (701) 759 90 19
USD 380.19 EUR 419.01
RUB 6.08 CNY 54.81
Jańalyqtar

СҚО әкімі аудандар мен қала басшыларына көмір бағасын бақылауда ұстауды тапсырды

2019 жылғы 22 қазан 23:51
Бөлісіңіз:
СҚО әкімі аудандар мен қала басшыларына көмір бағасын бақылауда ұстауды тапсырды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің отырысында Құмар Ақсақалов көмір бағасын қадағалауды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда көмір бағасы қанша Астанада көмір тапшылығы жоқ, баға тұрақты - әкімдік Қазақстандағы ең қымбат көмір қайда сатылады

«Былтыр көмір 15% арзандады. Енді аудан әкімдері оның жеткілікті болуын қадағалаулары керек. Қажетті қорды қамтамасыз етіңіздер. Тұйықтардың иелері, делдалдар жағдайды пайдаланып, бағаны өсіріп жібермесін. Бұл қатаң қадағалануы тиіс», - деді облыс әкімі.

Былтыр бағаны тұрақтандыру мақсатында әр ауыл бойынша мәселе жеке-жеке қаралды. Тұйықтан аудан орталығына дейін, одан ауылға дейінгі жол шығыны есептелді.

«Биыл да осы іспеттес жұмыстар жүргізілуі тиіс. Яғни, барлық шығындар есепке алынуы керек: қандай көмір қаншаға алынды, тасымалға қанша қаражат жұмсалды? Баға тұтынушыға жеткенше екі есе өсіп кетпеуі үшін қадағалануы керек. Бұл жұмысқа монополияға қарсы комитет де кіріссін. Арыз түскен жағдайда бірден шара қолданылатын болсын», - деді Құмар Ақсақалов.

Өңір басшысының пікірінше, тариф – тұрғындар үшін маңызды мәселелердің бірі.

«Тарифтерді төмендету және оларды бір деңгейде ұстап тұру үшін жыл бойы тоқтаусыз жұмыстар атқарылды. Нәтижесінде электр қуатының бағасы 9,3%, жылудыкі - 1,1%, судыкі – 9,2%, кәріз жүйесінікі – 3,4%, қоқысты шығару және ПИК қызметі 5% төмендеді. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап коммуналдық ақылар өзгеріссіз қалады», - деді өңір басшысы.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT