СҚО әкімі Арыс тұрғындарына көмектескен солтүстікқазақстандықтарға алғыс айтты

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда облыс әкімінің қатысуымен СҚО бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан халқы Ассамблеясы бүгінде көпұлтты қазақстандықтардың береке-бірлігі мен ынтымақтастығын жарастырған татулықтың темірқазығына айналды», - деді СҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының 24-сессиясында сөз сөйлеген өңір басшысы.

Еліміздегі әр этнос ортақ шаңырағымыздағы ауызбіршілікті нығайтуда, экономиканы дамытуда өз үлестерін қосып келеді. Ал қиын кезде жүкті жұмыла көтеріп, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығара біледі. Облыс әкімі қиын сәтте Арыс халқына көмектескен өңір тұрғындарына алғысын жеткізді.

«Ел халқының бірлігі Арыс қаласының тұрғындарына көмек көрсеткен кезде айқын көрінді. Солтүстікқазақстандықтар бірінші күннен бастап гуманитарлық көмек пункттерін ұйымдастырып, 25 маусымда 100 тонна жүкті Арысқа жіберді. Қиын сәтте ағайынға көмек қолын созған облыс халқына алғысым шексіз», - деді Құмар Ақсақалов.
null

Маусымның 25-і күні 5 жүк көлігіне артылған гуманитарлық көмек Арыс қаласына бағыт алды. Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы да шет қалмай, жарты тонна жарма, 300 кг ұн, 160 жұп аяқ киім және төсек-орын әзірледі.

Жиын соңында облыс әкімі этномәдени және қоғамдық бірлестіктердің жетекшілерін Құрмет грамотасымен марапаттады.

null

Соңғы жаңалықтар