СҚО әкімі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президентi Әкiмшiлiгiнің келiсiмiмен, СҚО әкімі Ерік Сұлтановтың өкімімен Солтүстiк Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы лауазымына Мадияр Дүйсенбайұлы Қожахмет тағайындалды. Бұл туралы аталған өңір әкімдігінің мәліметінде хабарланды.

Мадияр Дүйсенбайұлы 1984 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келдi.

Ол Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетiн тәмамдаған, Елбасының «Болашақ» бағдарламасымен Чех әлеуметтiк ғылым университетiнде бiлiм алған.

2003-2008 жылдар аралығында республикалық «Қазақстан жастары конгресi» жастар ұйымында қызмет еттi. Еңбек жолын жобалар үйлестiрушiсi қызметiнен бастаған.

2008 жылдан бастап, 4 жыл аралығында Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң жастар саясаты Департаментiнiң директор орынбасары, директоры, Жастар iсi жөнiндегi комитетi төрағасының орынбасары лауазымдарын атқарды.

2012 жылдың қазан айынан бастап осы тағайындауға дейiн ҚР Президенті Әкiмшiлiгiнiң Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлiмiнiң инспекторы қызметiн атқарды.

Соңғы жаңалықтар