СҚО әкімі әкімі Құмар Ақсақалов пен актриса Самал Еслямова бір учаскеде дауыс берді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлдағы №595 сайлау учаскесінде Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов пен танымал актриса Самал Еслямова дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Петропавлдағы №595 сайлау учаскесі Балалар шығармашылығы орталығында орналасқан. Таңғы сағат 7.00-де ашылған учаскеге алғашқылардың бірі болып зейнеткерлер келіп, өз таңдауларын жасады. Жалпы бұл сайлау учаскесіне 1 416 адам тіркелген.

«Біздің сайлау учаскемізге соғыс ардагері, 20 тыл еңбеккері тіркелген. 56 адам бірінші рет дауыс береді. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі 4 адамға арнайы кабина жабдықтадық», - дейді №595 сайлау учаскесінің төрағасы Қанат Сәдуақас.

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов таңертең келіп дауыс берді. Оның айтуынша, бүгінгі Президент сайлауы азаматтық позицияны бiлдiрудiң, болашаққа таңдау жасаудың бір жолы.

«Бүгінде еліміз дамудың жаңа кезеңінен өтуде. Бiз таңдаған конституциялық реформа, экономикалық және қоғамдық сананы жаңғырту мәселелері қай салада болмасын өзгерістi талап етеді. Мемлекеттің, атқарушы биліктiң халық алдындағы есептiлiгi, ашықтығы азаматтық қоғамның дамуына әкеледі. Бұндай процестерде тұрғындардың да азаматтық белсенділігі артады. Әр тұрғын ауласы, ауылы, қаласы үшін жауапкершіліктi сезiнетiн, жаны ашитын адам болуы керек. Ел болып бiрiгiп, үлкен жетістіктерге жете аламыз», - деді өз таңдауын жасаған Құмар Ақсақалов.

Бұл учаскеде сондай-ақ облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағамбетов зайыбымен және 71-ші Канн кинофестивалінің «Үздік әйел рөлі» номинациясының жеңімпазы Самал Еслямова дауыс берді.

Соңғы жаңалықтар