СҚО әкімдігінің шенеунігі әйелімен бірге қаржы жымқырды деп күдіктелуде

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі облыстық Қаржы басқармасы басшысының орынбасарының бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ол өз жұбайымен алдын ала сөз байласқан адамдар тобымен үлестес кәсіпорын арқылы әрекет жасаған. Жер учаскесін бөлу бойынша жерге орналастыру жобаларын дайындауға жалған шарттарға қол қою арқылы 83 млн теңге сомасында бюджет қаражатын алдап жымқырған деген күдікке ілініп отыр», - делінген агенттіктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Агенттік мәліметіне сәйкес, тергеу нұсқасына сай ол 70 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырған. Оның бір бөлігін АҚШ долларына айырбастап, жол талғамайтын қымбат көлік сатып алған.

«Осы жылдың 19 маусымында бюджет қаражатының 19,5 млн теңге сомасындағы кезекті траншын қолма-қол ақшаға айналдыру кезінде аталмыш шенеуніктің жұбайы ұсталды», - деді ведомстводан.

Шенеунік уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде.

Оның зайыбына қатысты кінәсін толық мойындауына және екі жас баласының бар болуына байланысты процессуалдық ұстау шарасы қолданылмаған. Тергеу жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар