СҚО әкімдігінде жаңа басқарма құрылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде мемлекеттік сатып алу басқармасы құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңір басшысы Құмар Ақсақалов әкімдік отырысында жаңа басқарманың басшысын таныстырды. Ведомствоны Жанар Мұсақұлова басқаратын болады.

Жанар Мұсақұлова 52 жаста. Алматы халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша бітірген. Шал ақын ауданында қаржы және экономика жүйесінде еңбек етті. Кейін Шал ақын, М.Жұмабаев аудандарында әкімнің экономика мәселелері және бюджет бойынша орынбасары қызметін атқарды. Осы тағайындауға дейін СҚО ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының бірінші орынбасары болып он жыл жұмыс істеді. Қаржы, бухгалтерлік есеп, талдау, жоспарлау және әкімшілік-құқықтық бөлімдердің жұмысын үйлестірді.


Соңғы жаңалықтар