СҚО әкімдігі мектеп түлектерінің жоғары білім алуы үшін 50 грант бөлді
СҚО білім басқармасының мәліметінше, білім гранттары өңірдің еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқитын жастарға берілмек.
Соның ішінде ветеринария мамандығы бойынша Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне 15 грант, жалпы медицина мамандығы бойынша Қарағанды медицина университетіне 10 грант, Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетіне «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі», «Математика мұғалімдерін даярлау», «Физика мұғалімдерін даярлау», «Химия мұғалімдерін даярлау», «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау» бойынша 5 грант берілмек.
Тағы он грант ауыл шаруашылығы ғылымдары бойынша және 10 грант «жалпы медицина» мамандығы бойынша бөлінді.
Құжаттар 5-15 тамыз аралығында қабылданады.
Анықтаманы 8-715-2-46-51-35 телефоны арқылы алуға болады.