СҚО әкімдігі қар үстіне төселген асфальтқа қатысты жағдайды түсіндірді

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Айыртау ауданындағы ауыл жолдарының біріне асфальттің қар үстіне төселгенін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, Айыртау ауданындағы Каменный Брод елді мекеніне жол төсеуде тиісті технология сақталмаған. Яғни «Комплект-Азия-Сервис» ЖШС асфальт төсеу жұмыстарын -15 градус аязда істеген. Соның салдарынан материал жерге төселгенге дейін қатып қалған.
СҚО әкімдігінде қар үстіне асфальт төсеу жағдайы бойынша түсінік берді.
«Айыртау ауданы Каменный Брод елді мекені маңындағы жол учаскесінде барлық тиісті жұмыстар белгіленген мерзімде, температуралық режимді және құрылыс талаптары сақтала отыра атқарылды. Бұдан басқа «Комплект-Азия-Сервис» ЖШС сметалық құжаттан бөлек, өз қаражатына келісілген учаскеден басқа жолдардағы және оның жиегіндегі шұңқырларды ескі асфальтпен жапты. Мониторингтік топ осы жолдарды байқап, ескерту жасаған. Келісім бойынша мердігер компания салынған жолға екі жылға кепілдік міндеттеме берді», - дейді облыстық әкімдіктегілер.
Бұған дейін Петропавлда қар астындағы шөпті шапқандар әлеуметтік желіде көпшіліктің қызу талқысына түскен еді.
- СҚО-да былтыр 1 мыңнан астам жүргізуші мас күйде ұсталды
- 622 солтүстікқазақстандық мемқызметші тәртіптік жазаға тартылды
- Петропавлда 3 жасар қызын өлімші етіп сабаған 22 жастағы келіншек қамауға алынды
- Алматыдағы крематорийдің құрылысы қашан аяқталады
-
СҚО-да мемлекеттік қызметшілердің 63 пайызы – әйелдер
-
Петропавлда үш аялдаманы қиратқандар шығынды өз қалталарынан өтейді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам