СҚО: 8 жыл тоқтап тұрған «Биохим» зауыты қайта іске қосылады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында 3 жыл ішінде өнеркәсіптік өндіріс көлемін 100 млрд теңгеге арттыру жоспарланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірдің өнеркәсіп саласында күрделі жағдай туындады. Бір жағынан тұрақты даму бар. Яғни, 7 ай ішінде өнеркәсіптегі деңгейі 3 пайызға артқан. Екінші жағынан 4 ірі машина жасау зауытында өндіріс көлемінің үштен бір бөлігі азайған. 

«Өткен жылы Үкімет алдында Киров және Петропавл ауыр машина жасау зауыттарын 6,7 млрд теңгеге технологиялық жаңғырту жөнінде мәселені алға тартқанымды айтқанмын. Мәселе шешілді. Ақша бөлінді. Алғашқы 3,3 млрд теңге зауыттарға биыл түсетін болады. Бұл жаңа станоктар алуға мүмкіндік жасайды», - деді Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов.

Өңір басшысының айтуынша, өндіріс саласында бірқатар жобалар жүзеге асады. Сондай-ақ, трансформаторлық, вагон жасайтын зауыттар, ағаш өңдеу бойынша кәсіпорындар ашылады.

Қыркүйектің ортасында Тайынша ауданындағы 8 жыл жұмыс жасамай тұрып қалған «Биохим» зауыты қайта іске қосылады. Биыл өнеркәсіптер үшін крахмал мен глютен алынады.

«Жаңа инвестор 5 млрд теңге құйды. Зауыттың 8 жыл ішінде түк қалмаған. Шошқа фермасы мен мүлде іске қосылмаған ет комбинаты жұмыс жасамай тұрып қалған. Ресей мен Германиядан шошқалардың бірінші партиясын жеткіздік. Әзірге 2 мың басы бар. Келесі жылы ферма толып, ет комбинаты іске қосылады», - деді Қ. Ақсақалов.

Жергілікті билік өкілдерінің бағамдауынша, барлық кәсіпорындардың жұмысы 2022 жылға қарай өнеркәсіп саласындағы өндіріс көлемін 240 млрд теңгеден 350-ге дейін көтеруге мүмкіндік береді.

Фото: www.graintek.ru

Соңғы жаңалықтар