СҚО: 18 жастағы қыздың өліміне менингит себеп болуы мүмкін

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында 18 жастағы қыздың өліміне менингококк жұқпасы себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Биыл Көкшетау қаласындағы гуманитарлық-техникалық колледжге оқуға түскен Айыртау ауданына қарасты Кирилловка ауылының тұрғыны 27 қыркүйекке қараған түні көз жұмды. Бойжеткен 1 күн бұрын өзін нашар сезіне бастаған. Алайда 20 сағаттан кейін жан тәсілім етті. Бастапқы болжалды диагноз - «менингококк жұқпасы». Дәрігерлер ауруды 5 күннен кейін ғана растайды немесе жоққа шығара алады.
«Қаза тапқан қыз 3 мен 7 қыркүйек аралығында Көкшетауда болған. 10 қыркүйекте Кирилловкаға келіп, медициналық пунктке шағымданады. Тұмау тигендіктен емін алып кері Көкшетауға қайтады.
24 қыркүйекте қайтадан Кирилловкаға келген. Аздап тұмау тиіп тұрса да, медициналық көмекке жүгінбеген. Түнгі сағат 1-де өзін нашар сезініп, 26 қыркүйек күні таңғы 11-де ауруханаға келген.
Баспасы ауырған деген диагноз қойылды. Содан кейін аурухананың жұқпалы аурулары бөліміне жатқызылды. Артынан комаға түскендіктен, жансақтау бөліміне жіберілді. Денесінде бөртпе пайда болған. Кешке жақын бойжеткен көз жұмды», - деді Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қоғамдық денсаулықты сақтау департаменті басшысының міндетін атқарушы Арман Күшбасов.
Еске салайық, бүгін, 27 қыркүйекте, санитарлық дәрігерлер Ақтөбедегі 5 жасар қызға «менингит» диагнозын қойған еді.
Сондай-ақ, менингитке шалдыққан екі оқушы Алматы облысының Қарасай ауданындағы жұқпалы аурулары ауруханасында тексерістен өтіп жатыр.
- СҚО-да әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына бір айда 5,5 млрд теңге жиналды
- Өскеменде көктайғақтан 130-дан астам адам зардап шекті
- СҚО-да «Бастау» мен «Жас кәсіпкер» түлектері жобаларының көрме-жәрмеңкесі өтті
- СҚО-да өткен облыстық айтыстың бас жүлдесін Мұхаммед Қоңқаев алды
-
Елжан Біртанов дәрі-дәрмек сапасын тексеру жайында айтты
-
Түркістандықтарға медициналық қызметтерді тегін алу жолдары түсіндірілді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам