Скандинавияда күннің ыстығынан оңтүстік Еуропаға тән гүлдер өсіп жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Еуропада орналасқан Швецияда қазан айы шамадан тыс жылы болып, құрлықтың оңтүстігінде өсетін гүлдер өсіп жатыр. Бұл жайлы швециялық БАҚ-тарға сілтеме жасап «Азертадж» хабарлайды.

Жергілікті экологтар ел оңтүстігінде әдетте Жерорта теңізі аймағында өсетін жабайы бояушөп гүлінің өсіп тұрғанын көрген. Өсімдіктің Швецияға қалай келіп қалғаны белгісіз. Ғалымдар өсімдік тұқымын мекен ауыстырған құстар немесе елге келген туристер әкелген болуы мүмкін деп болжап отыр. Тұқым мұнда бірнеше жыл бұрын келіп қалған болуы да мүмкін, өніп шығуға қолайлы ауа райы қалыптасқан соң ғана өсіп шыққан. Оның үстіне жылы ауа райы да оған септігін тигізген.

Экологтар соңғы жылдары Швецияда мұндай таңғажайып табиғат құбылыстары кездесе бастағанын айтады. 2011 жылы 250 жыл ішінде алғаш рет жабайы омела өсімдігі табылған. Ол да бояушөп өсімдігі сияқты жылы өлкелерде, нақтылап айтқанда субтропиктік Африкада кездеседі.

Мамандар Швецияда және Скандинав түбегінің басқа да елдерінде жылы аймақтарға тән өсімдіктердің өсуі жаһандық климаттық өзгерістердің тағы бір дәлелі екенін айтады.

Соңғы жаңалықтар