Скандинавия елдерінде әрбір екінші рейс тоқтатылды

None
Фото: AP Photo/ Thomas Padilla
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Скандинавия әуе компаниясының 900-ден астам ұшқышы басшылықпен 8 айға созылған келіссөздер айтарлықтай нәтиже бермеген соң жұмыстарын тоқтатты. Ереуілшілер талаптарының бірі - жалақыны 30%-ға көтеру. Швеция, Дания және Норвегияда әрбір екінші рейс тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап.

Компания басшылығы ереуіл «ауыр» қаржылық шығындарға әкеліп соқтырғанын, SAS акциялары 8%-ға төмендегенін мәлімдеді. Ал, Франция мен Испанияның әуежайларында ереуіл жалғасуда. Air France әуе компаниясы Руассидегі Шарль де Голль әуежайындағы ереуіл салдарынан жүгі кешіктірілген немесе жоғалған 17 000 жолаушыдан кешірім сұрады. Испанияда жолсеріктер мен easyJet және Ryanair басшылары арасындағы текетірес күшейіп барады.

Кәсіподақтар жазғы демалыс қарсаңында әуе компанияларына қысымды күшейтпекші.


Соңғы жаңалықтар