«СҚ-Фармацияның» жаңа басшысы жемқорлық тәуекелдерін түгел жоюы тиіс - Шпекбаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев «СҚ-Фармация» жаңа басшысын жемқорлық тәуекелдерін толығымен жоюға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Халық коронавирус жағдайының күрделенуінің негізгі себептерінің бірі - сыбайлас жемқорлық, бюрократия және жауапсыздық деп санайды. Әлеуметтік желілерді мұқият қадағалайтын адамдар мұнымен келіседі деп ойлаймын. Бұл - әсіресе, «СҚ-Фармацияның» лауазымды тұлғаларына, медициналық сақтандыру қорына, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың бірқатар медицина мекемелеріне қатысты қылмыстық істер контексінде әділ баға» деді агенттік төрағасы алқа отырысында.

Сонымен қатар, Алик Шпекбаев «СҚ-Фармация» қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдауды сыртқы сарапшыларды кеңінен тарта отырып, жедел жүргізу қажеттігін атап өтті.

«Біздің талдауымыздың сапасы осы ұйымның болашақта қаншалықты тиімді қызмет ететініне байланысты болады. Бұл шара бірыңғай дистрибьютордің жаңа басшылығын да көбірек қызықтырады деп ойлаймын. Сол үшін олар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мен ашықтықты қамтамасыз ету бойынша барлық ұсыныстарды орындайды деп үміттенемін», деді агенттік басшысы.


Соңғы жаңалықтар