«СК-Фармацияның» бұрынғы басшысы үйқамаққа алынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «СК-Фармация» ЖШС-нің бұрынғы басқарма төрағасы Максим Касаткин үйқамаққа алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Астана қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2018 жылғы 14 маусымында Астана қаласы Алматы аудандық № 2 соты Касаткин Максим Евгеньевичке қатысты бұлтартпау шарасын 2 ай мерзімге, яғни 15 тамызға дейін үйқамаққа алуға ауыстырды», - деп хабарлайды соттың баспасөз қызметінен.

Еске сала кетсек, Максим Касаткин 2017 жылдың 15 қыркүйегінде ұсталған болатын. Құқық қорғау органдары оның 2015 жылы жүргізген дәрілік заттар мен медициналық мақсатта пайдаланылатын құралдарды сатып алу жұмыстарына қатысты заңсыз іс-әрекеттерін тексерген еді.

 

Соңғы жаңалықтар