СҚ-Фармация техникасын сатып алудың жаңа жобасы биыл пилоттық режимде іске асырылмақ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «СҚ-Фармация» ЖШС базасында медициналық техниканы орталықтандырылған сатып алуға көшу мәселелері Үкіметтің Цифрлық кеңсесінде ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов өткізген кеңесте қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният «СҚ-Фармация» ЖШС медициналық техникасын орталықтандырылған сатып алуға көшу Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүргізіліп жатқанын еске салды.

Биыл жобаны пилоттық режимде іске асыру жоспарланып отыр, ал 2023 жылдан бастап жабдықтарды жергіліктендіру немесе келісімшарттық негізде өндіру бойынша ұзақ мерзімді шарттар жасалады.

Талқылау қорытындысы бойынша Үкімет басшысы бейінді министрлікке әкімдіктер көтерген мәселелерді ескере отырып, орталықтандырылған сатып алу тетіктерін пысықтауды және Үкіметке тиісті ұсыныстар енгізуді тапсырды.

Бұған дейін Үкімет басшысы азық-түлік бағасын ұстап тұра алмайтын облыс әкімдерінің орынбасарларына шара қолданылатынын айтты.



Соңғы жаңалықтар