+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

«СК Фармация» номенклатурасының 50 пайызы - отандық өнімдер

2020 жылғы 15 шілде 14:15
Бөлісіңіз:
«СК Фармация» номенклатурасының 50 пайызы - отандық өнімдер

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бірыңғай дистрибьютор «СК-Фармация» компаниясы номенклатурасының 50 пайызы отандық препараттар мен медициналық бұйымдардан тұрады.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брфинг барысында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Вице-министрдің айтуынша, Қазақстанның фармацевтикалық нарығы импортқа тәуелді. Бұл нарықтағы отандық өндірушілердің үлесі небәрі 13 пайызды ғана құрап отыр. Дегенмен, отандық медициналық препараттар өндірушілерді қолдау мақсатында құрылған Бірыңғай дистрибьютор «СК-Фармация» компаниясы олармен 10 жылға ұзақмерзімді келісімшарт жасасқан. Нәтижесінде отандық өндірушілерден препараттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу көлемі бірнеше есеге артты.

«Бүгінгі таңда Бірыңғай дистрибьютор номенклатурасының 50 пайызы отандық дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардан тұрады», - деді Людмила Бюрабекова.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT