+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

«СҚ-Фармация» мен «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Басқарма төрағалары қызметінен босатылды

2020 жылғы 10 шілде 21:38
Бөлісіңіз:
«СҚ-Фармация» мен «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Басқарма төрағалары қызметінен босатылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «СҚ-Фармация» ЖШС Басқарма төрағасы Берік Шәріп пен «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов қызметінен босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жсап.

«Мемлекет Басшысының қатысуымен өткен Қазақстан Республикасы Үкіметінің бүгінгі кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 10 шілдедегі бұйрығымен берілген өтініш негізінде және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің келісімі бойынша «СҚ-Фармация« ЖШС-ның Басқарма төрағасы Б.Ш. Шәріп қызметінен босатылды.

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 10 шілдедегі бұйрығымен берілген өтініш негізінде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры« КЕАҚ Басқарма төрағасы А.Н. Жұмағұлов қызметінен босатылды», делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген бүгінгі отырысында МӘМС қоры мен «СҚ Фармация» басшыларын жұмыстан шығаруды тапсырған болатын.

«Туындаған қиындыққа кінәлілердің бәріне қатысты тергеу жүргізу керек. Жауапкершілікке тартқан дұрыс. МӘМС қоры мен «СҚ Фармация» басшылары жұмыстан шығарылсын. Керек болса тергеу жүргізген жөн», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

«Кейінгі кезде Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының айналасында әртүрлі әңгіме өршіп кетті. Меніңше оның басшылығына іскерірек әрі жауаптырақ адамды қою керек», - деді Президент.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT