«СҚ-Фармация» қоймаларына «Спутник Лайт» вакцинасының 150 мың дозасы жөнелтілді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды фармацевтикалық кешені «СҚ-Фармация» хабтарына коронавирусқа қарсы бір компонентті «Спутник Лайт» препаратының 150 мың дозасын жіберді. Препарат Ресей Федерациясынан жеткізілді және ревакцинацияға арналған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Спутник Лайт» Қарағанды фармацевтикалық кешенінің -35 градус ұстайтын тоңазытқыштарынан бірыңғай дистрибьютордың логистикалық тораптарына жөнелтілді. Тасымалдау арнайы тоңазытқыштарда жүзеге асырылды, онда суық тізбекті қатаң сақтау үшін жабдық орнатылған. Препарат қоймаларға жеткізілді, ол еліміздің барлық аймақтарына таратылады.

«Бұл партия Қарағанды фармацевтикалық кешені акционерлерінің шешімімен коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін бөлінген гуманитарлық көмек болып табылады», - делінген Қарағанды фармацевтикалық кешені мәліметінде.


Соңғы жаңалықтар