«СҚ-Фармация» компаниясына жаңа өкілеттік берілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкімет қаулысымен «СҚ-Фармация» компаниясына жаңа өкілеттік берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«СҚ – Фармация» ЖШС-не дәрі-дәрмектерді кейіннен бөлшек сауда желісінде шекті бағалар бойынша сату үшін көтерме сатып алу жөнінде өкілеттік берілсін», - делінген Үкімет қаулысында.

Қаулы қол қойылған күні яғни 23 шілдеден бастап күшіне енген.

Еске сала кетсек, бұған дейін Үкімет басшысы Асқар Мамин «СҚ-Фармация» компаниясына дәрі-дәрмек сатып алып, қосымша бір айға жететін көлемде өңірлерге таратуды тапсырған болатын.

«СҚ-Фармация» осы жылдың шілде айының соңына дейін дәрі-дәрмек сатып алып, қосымша бір айға жететін көлемде өңірлерге бөлсін. Сондай-ақ дәрі-дәрмек қажеттілігін жоспарлаудың нақты жүйесін анықтасын», - деді өткен аптада өткен Үкімет отырысында Асқар Мамин.


Соңғы жаңалықтар