«СҚ-Фармация» дәрі-дәрмек сатып алып, қосымша бір айға жететін көлемде өңірлерге таратуы тиіс

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Премьер-министр Асқар Мамин «СҚ-Фармация» компаниясына дәрі-дәрмек сатып алып, қосымша бір айға жететін көлемде өңірлерге таратуды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Денсаулық сақтау және Қаржы министрліктері шұғыл түрде өңірлерді көшпелі диагностикалық кешендермен, аудандық ауруханаларды цифрлық рентген аппараттарымен қамтамасыз етсін. Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктер екі апта ішінде оттегі концентраторы мен медициналық газдардың өңірлерге толық көлемде жеткізілуін қамтамасыз етсін. «СҚ-Фармация» осы жылдың шілде айының соңына дейін дәрі-дәрмек сатып алып, қосымша бір айға жететін көлемде өңірлерге бөлсін. Сондай-ақ дәрі-дәрмек қажеттілігін жоспарлаудың нақты жүйесін анықтасын», - деді Асқар Мамин Үкімет отырысында.

Сонымен қатар, Премьер-министр Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Ақтөбе облысының үлгісімен әр өңірдің тұрақтандыру қорында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қажетті қорын қалыптастыруды жүктеді.


Соңғы жаңалықтар