Сиырдың орнына жылқы етін сатқан алаяқтардың соты өтуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүйсенбі күні Парижде жылқы еті өнімдерін біршама қымбат сиыр еті деп таңбалап сатқан төрт тұлғаға қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат AssociatedPress агенттігіне сілтеме жасап.

Үш аптаға созылатындығы болжанып отырған сот процесіндегі айыптылардың қатарында француздық Spanghero компаниясының бұрынғы екі басшысы мен голландық екі ет сатушы бар. Олардың барлығына клиенттері мен тұтынушыларды қасақана алдады деген айтып тағылған. Кінәлары дәлелденген жағдайда 10 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылады. Күдіктілер 2012 жылдың қаңтарынан 2013 жылдың ақпанына дейінгі аралықта өз қулықтарын жүзеге асыруы мүмкін.

Мұнан бөлек, екі французға "сиыр еті" деп таңбаланған 538 тонна жылқы етін сатты деген айып тағылып отыр. Мұздатылған өнім түріндегі жылқы еті бүкіл Еуропа елдерінде саудаланған. Сонымен қатар айыпталушылар ет өнімдерін француздық еттен жасалған деп те алдауы, оны Румыния,Бельгия немесе Канададан жеткізуі мүмкін.

Ет төңірегіндегі дау-дамай 2013 жылы Ұлыбританияда басталып, бүкіл Еуропа елдеріне тараған болатын. Себебі мұздатылған тағам құрамында жылқы еті анықталған еді. Осыдан кейін Ұлыбритания, Ирландия, Франция, Германия, Дания, Финляндия, Швеция мен Норвегия дүкендерінің сөрелерінен миллондаған өнім алынып тасталды. Ал супермаркеттер мен азық-түлік өнімдерін жеткізушілерге сиыр етінен жасалған өнімдердің құрамында жылқы етінің ДНК-сінің бар-жоғын анықтауға нұсқаулық берілген.

Соңғы жаңалықтар