Сиязбек Далиев пара жүзуден Ұлыбританиядағы Әлем Кубогы сериясында күміс еншіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -Пара жүзуден Әлем кубогының сериясы Ұлыбританияның Шеффилд қаласында өтті. Жарысқа әлемнің 21 елінен 92 спортшы қатысты. Елордалық спортшы Сиязбек Далиев 50 метр қашықтықты баттерфляймен екінші болып жүзіп өтіп, әлем кубогының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ол баттерфляй стилінде жарыс жолын 37,65 секундта жүзіп, Токиодағы жазғы Паралимпиада ойындарына іріктеу нормаларынан 3 секундқа жоғары көрсеткіш көрсетті.

Сондай-ақ, 2018 жылғы Азия Пара ойындарының чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Сиязбек Далиев қазір өз сыныбында осы қашықтықта әлемдік рейтингтегі ең мықты жүзушілердің бестігіне кіреді.

Қазақстандық пара жүзуші баттерфляй стилінде Пара Азия ойындарда жарыс рекордын орнатып, 50 метр қашықтықты 37,40 секундта жүзіп өткен болатын. 2019 жылы Лондонда өткен пара жүзуден әлем чемпионатында дәл осы қашықтықта үздік бестікке кірді.


Соңғы жаңалықтар