Сисем ата қорымына 10 мың адам жиналды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстаудағы ежелгі қорымдардың бірі Сисем Ата басында ас беріліп, мәдени шаралар өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жалпыхалықтық шараға 130 киіз үй тігіліп, он мыңнан астам адам жиналған.

Екі күнге созылған шарада ел ақсақалдары мен азаматтары сөз сөйлеп, астың ұйымдастырылу мағынасын түсіндірді.

«Бүгінгі беріліп жатқан ас – мызғымас бірліктің айшықты үлгісі. Ойы ортақ мүдде арнасында тоғысқан ел азаматтарының жемісті жобасы. Бірлік пен берекеге бастау болар игі шара бұдан әрі де өз жалғасын табарына сенімім мол», - деді Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов.


Шара аясында боз кілемде палуандар қазақ күресінен өнер көрсетті. Одан соң ат құлағында ойнаған шабандоздар ошақ-бәйгеде бақ сынады. Екі күнге созылған шара ақындар мүшәйрасы мен жыр кешіне ұласты.

36 шақырымдық ат бәйгеде бірінші болып алматылық Қоянқасқа» деген арғымақ келді.

Ал, палуан күресінің бас жүлдесін маңғыстаулық «Қарабура» деген лақап аты бар Нұрдәулет Жарылғапов жеңіп алды. Қарабураның қарсыластары қазақша күрес, самбо мен дзюдодан Азия мен Еуропа чемпиондығын алған мықты спортшылар болды.


Жалпы айта кетсек, ас берудің мақсаты – ата-баба рухына тағзым ету, жас ұрпаққа үлгі-өнеге көрсету.


Соңғы жаңалықтар