«Сирияның демократиялық майданы» Астанадағы келіссөздерге қатысуға дайын
2016 жылғы 29 желтоқсан 17:31

«Сирияның демократиялық майданы» Астанадағы келіссөздерге қатысуға дайын

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Сирияның демократиялық майданы» (СДМ) оппозициялық қозғалысының өкілдері Астанадағы келіссөздерге қатысуға дайын, деп хабарлады бейсенбі күні РИА Новостиге СДМ бас хатшысы Махмуд Меръии.

«Майдан Веналық келісімшарттар негізіндегі ашық келіссөздерді, 2254 қарары мен Мәскеудегі соңғы мәлімдемесін қолдайды», - деді агенттіктің сұхбат берушісі.

Меръии СДМ-ның Астанадағы келіссөздерге шақыртуды әзірге алмағанын атап өтті. Бас хатшы өзінің жұмыс сапарымен Каирде жүргендігін, елдің СІМ-імен кездесуге келгендігін айтты.

«Египетпен байланыс орнату мақсатында кездесудемін. Египеттің саяси реттеуде маңызды рөл ойнайтыны баршаға мәлім», - деді Меръии.

«Сирияның демократиялық майданының» құрылғаны туралы ағымдағы жылдың 26 желтоқсан күні жарияланды. Меръии бұл қозғалыстың бірқатар ішкі оппозиция партияларының одағынан құрылғандығын айтты.

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT