Сирияға қатысты санкция бойынша БҰҰ ҚК-да дауыс беру кезінде Қазақстан қалыс қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей мен Қытай БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Сирияға қарсы санкция енгізу туралы резолюциясын өткізбеді, деп хабарлайды lenta.ru . 

Reuter агенттігінің хабарлауынша, батыс мемлекеттері Араб Республикасын химиялық қару қолданды деп айыптады.

Қытай өз ұстанымын Франция мен Ұлыбританияның резолюциясы БҰҰ-ның Женева алаңындағы түрлі сириялық оппозиция топтарының байланысын жақсартуға бағытталған әрекетіне нұқсан келтіреді деп түсіндірді.

Құжаттың қабылдануына Боливия қарсы шықты, ал Эфиопия, Мысыр мен Қазақстан қалыс қалды..

Ресей президенті Владимир Путин Сирияға қатысты жаңа санкцияларды қолдамайтынын мәлім етті. «Бұл келіссөздерге көмегі жоқ, керісінше кедергі келтіреді немесе осы үдеріске сенімді жоғалтады», - деді ол.

 

 

Соңғы жаңалықтар