Сирияға Араб елдері лигасына оралуға рұқсат етілді

None
ДАМАСК. ҚазАқпарат – Сирия Араб елдері лигасына қайта оралады. 10 жылдан астам уақыт бұрын Сирияның мүшелігі тоқтатылған болатын. Дамаск жаңа конституция бойынша оппозициямен келіссөзді қайта бастайды деп күтіліп отыр. ҚазАқпарат бұл туралы DW-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Араб елдері лигасы Сыртқы істер министрлігінің кеңесінде 10 жылдан астам уақыттан кейін Сирияны ұйымға қайтаруға рұқсат берілді. Бұл туралы Каирде өткен шұғыл кеңесте шешілді. Осылайша, президент Башар Асадтың сириялық үкіметін оқшауландыру мақсатындағы 2011 жылғы шешімнің күші жойылды.

Дамаск келіссөздерді жандандыруы тиіс

Dpa агенттігі мәлім еткендей, енді Сирия билігінен жаңа конституция бойынша оппозициямен келіссөз байстайтыны күтіліп отыр. Бұл сайлау өткізуге негіз салады. Онымен қоса, ел үкіметі босқындардың қайта оралуына рұқсат етіп, гуманитарлық көмекті қамтамасыз етуі қажет. Сондай-ақ көрші елдерге есірткі контрабандасына тосқауыл қойюы тиіс. Агенттіктің жазуынша, араб елдері Сирияны қалпына келтіру үшін қаржылық қолдау көрсетуге ниетті. Сонымен қатар, одақтас мемлекеттер басшыларын бұл елден әскерін шығаруға көндіруге тырыспақ.

Араб елдері лигасына кіретін 22 мемлекеттің келесі саммиті 19 мамырда Сауд Арабиясында өтеді деп жоспарланған.


Соңғы жаңалықтар