Сириядан оралған келіншек сот алдында жауап беріп жатыр

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Алты жыл бұрын Сирияға кеткен Ақмарал Алмағамбетова елге оралып, сот алдында жауап беріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қалалық сотында Сириядан оралған Ақмарал Алмағамбетоваға қатысты қылмыстық іс қаралды. Ол 2013 жылы үш баласын тастап, күйеуінен ажырасып, шекара асып кеткен. Әлеуметтік желі арқылы ер адаммен танысып, сол жақта үш рет күйеуге шығады. Әзербайжан, Ирак, Дағыстан ұлтының өкілдеріне күйеуге шыққан ол Альбар атты ұлды, Нисаннұр есімді қызды өмірге әкелді. Ақмарал Алмағамбетова екі баласымен «Жусан» операциясы кезінде елге жеткізілді.

«Ақмарал Алмағамбетова 1987 жылы 23 маусымда дүниеге келген. Туған жері - Ақтөбе облысы. Бұрын сотталмаған, орта білімді, жұмыссыз. Ол өзіне тағылған кінәні мойындау туралы процесуалдық келісім көшірмесін алды. ҚР ҚК 174-бабы 1-бөлігімен, 256-бабының 2-бөлігімен көрсетілген қылмыстық құқықбұзушылықты жасағаны үшін айыпталған. Сотқа дейінгі тергеу кезінда А.Алмағамбетова 2014 жылдың қаңтар айында ақпараттық- коммуникациялық желілерді пайдалану арқылы терроризмді насихаттап, ұлттық алауыздықты қоздырып, азаматтардың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлауға бағытталған қасақана әрекеттер жасады деп айтыпталған», - деді судья Алима Абдирова.

Сот процесуалдық келісімді қайта жасау үшін істі прокуратураға жіберді. Сотталушыны күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалдырылды. Яғни, қылмыс 2013 жылы жасалған, соған сәйкес Ақмарал Алмағамбетоваға қатысты іс сол жылдардағы заңмен қаралады.

«Қылмыстық-процестік кодекстің 623-бабына сәйкес жаңа келісім жасау үшін прокуратураға қайта жолданады», - деді А.Адилова.

Соңғы жаңалықтар