Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.93 EUR 423.00
RUB 5.87 CNY 54.82
Jańalyqtar

Сириядан Қазақстанға оралған балалардың жағдайы не болады

2019 жылғы 10 қаңтар 16:03 1374
Бөлісіңіз:
Сириядан Қазақстанға оралған балалардың жағдайы не болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сириядағы от пен оқтың ортасынан Қазақстанға қайтарылған балалардың күні не болады? Жас жеткіншектердің ары қарайғы өмірі жайлы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департамент басшысы Бақытбек Рахымбердиев айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Сириядағы лаңкестікке күдікті қазақстандықтарды қандай жаза күтіп тұр Сириядан қайтарылған қазақстандық келіншек: 19 рет күйеуге шыққандар болды

«Қайта оралған балалардың кейбірі Сирияда дүниеге келген. Оларды құжаттандыру мәселесін Сыртқы істер министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар шешетін болады. Бұл рәсім біздің заңдарымызбен мақұлданғандықтан, ешқандай кедергі жоқ», - деді ол ҚР СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар, ҰҚК өкілі барлық дерлік баланың әкелері сол жақта көз жұмғанын, балалар аналарымен бірге елге оралғанын атап өтті.

«Тіпті бір баланың анасы әлі де сол жақта қалған. Ал баланың өзі мұнда жалғыз. Қайта оралған азаматтар - Астана және Алматы қалаларының, сондай-ақ Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Маңғыстау облыстарының тұрғындары», - дейді Бақытбек Рахымбердиев.

ҰҚК департамент басшысы сондай-ақ, олардың барлығы да 2012-2015 жыл аралығында Сирияға жеткізілгенін атап өтті.

«Қазір 7 азаматтың (6 ер адам мен бір әйел) террористік ұйымдардың қызметіне араласуына байланысты қылмыстық іс жүргізіліп жатыр», - деді Бақытбек Рахымбердиев.

Еске сала кетсек, бұған дейін ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департамент басшысы Бақытбек Рахымбердиев «Жусан» операциясы бойынша Сириядан елімізге қайтарылған азаматтардың жетеуінің үстінен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған еді. Оның айтуынша, ҰҚК-да Сириядан қашпақ болған бірнеше қазақстандықтың өлім жазасына кесілгені туралы мәліметтер бар.

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
MURAǴAT