+7 (701) 759 90 19
USD 376.51 EUR 418.91
RUB 6.13 CNY 54.90
Jańalyqtar

Сириядан қайтарылған қазақстандықтар туралы спектакльдің премьерасы өтті

2019 жылғы 11 желтоқсан 10:56
Бөлісіңіз:
Сириядан қайтарылған қазақстандықтар туралы спектакльдің премьерасы өтті

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Х.Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында «Жусан» психологиялық драмасының премьерасы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Халықаралық Қызыл Крест комитеті қазақстандық балалардың Ирактан қайтарылуына қолдау білдірді Лаңкестік аймақтан келген балаларды оңалтумен Білім министрлігі айналысады «Жусан» операциясы: Сирия жалғыз ұлымнан айырды

Бұл – Елбасы тапсырмасына сәйкес Қазақстан азаматтарын Сирияның қақтығыс аймақтарынан қайтару бойынша жүзеге асырылған «Жусан» операциясы туралы қойылған еліміздегі алғашқы спектакль.


Драма авторы – жас ақын, «Семсер» әдеби сыйлығының иегері Марлен Ғилымхан. Бұл – оның осы саладағы тырнақалды туындысы. Өзінің айтуынша, шығарманы жазу бір бөлек те, оның сахналануы да ерекше болады.


Спектакльді режиссер Самал Әбуов сахналаса, суретшісі – Мұрат Мәмбетов.

Қойылым жат жердегі соғысқа барып, одан «Жусан» операциясы нәтижесінде елге оралғандардың тағдырын бейнелейді: қатыгез де қараңғы өмірге тап болып, біреудің қолындағы қолжаулыққа айналып, содан теперіш көрген адамдар. Алды оққа ұшса, арты түрмеге қамалып жатқан жастар.



«Жусан» операциясымен елге қайтқан Қарақат есімді жас келіншекті Жұлдыз Мамедова сомдаса, Құралбек Қатшаев, Салауат Түменов, Дарын Мұхтаров, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әсел Мәмбетова, Жылқыбай Жұбатов, Назгүл Батанова, Асылжан Жакиндер де өз рөлдерін барынша нанымды алып шыға білген.


Ең бастысы, спектакль көрермендерді ойландырады, абайсызда от басудан сақтандырады.

«Мұндай өте күрделі, өзекті тақырыпқа бару оңай емес, сақтықты, үлкен дайындықты қажет етеді. Осы орайда теолог мамандармен де ақылдастық. Көрермендердің қабылдауы жаман емес, жылы пікірлер айтылып жатыр. Алдағы уақытта театрға басқа елдерден де режиссерлар келіп, өз спектакльдерін қоймақшы. Мұндағы мақсат – олардың да іс-тәжірибелерін, шеберліктерін көре отырып, театрды әлемдік деңгейге қарай көтеру», - деді ҚазАқпарат тілшісіне театрдың бас режиссері Самал Әбуов.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT