Сириядағы соғыс 111 жастағы кейуананы босқынға айналдырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сириядағы ұзаққа созылған соғыс  111 жастағы кейуана Лейла Салехты босқынға айналдырды, деп хабарлайды euronews. 

Ол қолындағы құжат бойынша 1907 жылы Сириядағы Кобани қаласында дүниеге келген. Лейланың ұлты күрд. 100 жасқа толған мерей тойын атап өткен қарияны Сирияда басталған соғыс өмір бойы тіршілік кешіп келген үйін тастауға мәжбүр етті. Ол  балаларымен бірге алдымен Түркияны паналады, одан соң теңіз арқылы Грекияға өткен.

Жүзден асқан Лейлаға босқын мәртебесі берілген, бірақ ұлы мен келіні, немерелері және екі шөбересінде ондай статус жоқ.

Олардың құжаттары алдағы жылдың қаңтарында қайта қаралмақ. Құқық қорғаушылар бұл отбасына көмектесуге әрекеттеніп жатыр.

Соңғы жаңалықтар